VR ТЕХНОЛОГИЯСЫН ХИМИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.48auКілт сөздер:
химия, виртуалды шындық, студент, молекула құрылымы, визуализациялауАңдатпа
Мақалада химияны оқытуда виртуалды шындық (VR) технологияларын қолдану қарастырылады. Кейбір химиялық ұғымдардың күрделілігіне байланысты оқыту әдістемесін жетілдіру және студенттердің химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру қажеттілігі ғылыми жұмыстың өзектілігін айқындайды. VR технологиясын химияда қолдану материалды тереңірек меңгеруге көмектесетін молекулаларды, реакцияларды және зертханалық жұмыстарды визуализациялаудың таптырмас тәсілінің бірі. Ғылыми жұмыста химиялық реакцияларды және химиялық құрылымдарды модельдеу сияқты VR-ды оқу процесіне енгізудің мысалдары қарастырылған. Сондай-ақ, VR студенттерге қауіпсіз ортада эксперименттер жүргізуге мүмкіндік беру арқылы маңыздылығын көрсетеді. Бұл әдіс болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда, олардың эксперименттік өзіндік тиімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. VR технологиясы интерактивті және иммерсивті оқыту әдістері арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға қызығушылығы бар оқытушылар мен болашақ педагог мамандар үшін пайдалы және VR-ды оқу үдерісіне енгізу бойынша идеялар көзі бола алады.