АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫН, МҮЛІКТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.40auКілт сөздер:
салық, декларация, табыс, шығыс, мүлік, реттеу, заң, талдау, механизмАңдатпа
Декларация жүйесі әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан дамыған, бірақ ол біркелкі емес және әр елдің декларация жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Барлық елдердің декларация жүйелері бір бағытта яғни лауазымды тұлғаларды заңсыз байытудың алдын-алу мақсатында құрылады. Екінші жағынан, кірістер мен шығыстар туралы декларацияларды теориялық тұрғыдан міндетті түрде толтыру мемлекеттік органдардың тазалығының, ашықтығының көрсеткіші, олардың адал іс-әрекеті үшін ынталандыру болып, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметтік қолдауды жүзеге асырудың негізгі факторы болып табылады. Мақалада ҚР азаматтарының табыстарын, мүліктері мен шығыстарын жалпыға бірдей салық декларациялау жүйесі күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Халықтың табыстарын жариялау жүйесі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу мақсатында салық салу саласындағы субъектілер арасындағы өзекті қарама қайшылықтарды шешуге көмектесетін құрал ретінде қарастырылған.