ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

Авторлар

  • П.Ж. Парманкулова ЮКУ им. М. Ауэзова Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.2.30au

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, педагогтардың қажуы, кәсіби қажу, ДБМШ білімгерлер, талдау.

Аңдатпа

Инклюзивті білім беру – бұл денсаулығында бұзылыстары бар балаларға жалпы мектеп бағдарламасын дені сау құрдастарының ұжымында меңгеруге мүмкіндік беретін білім беру түрі. Инклюзивті білім беру жағдайында, ең алдымен, педагогтарға жүктеме артады, себебі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың зейіні тұрақсыз келеді, нәтижесінде мұғалімдерге оқу процесін жоспарлау мен оқу дағдыларын бақылауда қиындықтар туғызады. Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қажуы бойынша шетелдердің статистикалық деректері қарастырылады. Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау бұл мәселенің әр елге байланысты өзіндік ерекшеліктері бар екендігін көрсетті. Зерттеудің мақсаты – инклюзивті білім беру жақсы дамыған Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания және Нидерланды сияқты еуропалық елдердің статистикалық деректеріне талдау жасау. Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл елдер инклюзивті білім беруге белсенді түрде көшуде, алайда әр ел ерекше назар аударуды қажет ететін өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, әрбір ел инклюзивті тәжірибелерді іске асыру барысында өзіндік бірегей қиындықтар мен мәселелерге кезігуде. Жүргізілген талдау нәтижесінде, көпшілік жағдайда инклюзивті білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үлесінің артып келе жатқандығы анықталды. Шет елдердің тәжірибесі мен озық практикаларымен алмасу инклюзивті білім беру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға ықпал ете алады.

Автор өмірбаяны

  • П.Ж. Парманкулова, ЮКУ им. М. Ауэзова

    PhD, ст. преподаватель, ЮКУ им. М. Ауэзова, Шымкент, Казахстан

Жарияланды

2025-07-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар