ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.002auКілт сөздер:
дамыта оқыту технологиясы, логикалық ойлау, саралау, дидактикалық компонент, танымдық іс-әрекетАңдатпа
Мақалада оқу процесіне дамыта оқыту технологиясын енгізу, оның қолдану ерекшеліктері мен әдістері, мақсаты мен тиімділігі туралы мәліметтер келтірілген. Бұл тақырып қазіргі уақытта педагогика саласында өзекті, өйткені ол әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, логикалық ойлауды және даму процесіндегі өзгерістерді жетілдіруді қамтиды.
Білім беру жүйесі мен практикасын үнемі жетілдіру қажеттілігі қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге байланысты. Білім алушыларды оқыту сапасы мен тәрбиелеу деңгейін арттыру мәселелері жалпы білім беретін мекемелердің қазіргі тәжірибесінде басым болып қала береді. Дамыта оқыту технологиясының негізгі мақсаты - білім беретін мекемелерде оқушыларының логикалық ерекшеліктерін дамыту және оларды өз бетінше ізденуге, үйренуге, талдауға және алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттау. Білім алушыларға қойылатын ең маңызды әлеуметтік талаптардың бірі -олардың танымдық белсенділігі мен жеке қасиеттері бойынша жұмыс жасау арқылы қол жеткізілетін кәсіби мотивацияларын дамыту, бұл әлеуметтік орта мен еңбек нарығына бейімделу арасындағы қажетті байланыс.