ҚЫЗ БАЛА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮЙЛЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МӘДЕНИ ІС-ШАРАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Авторлар

  • Хамза Смағұл М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.2.15au

Кілт сөздер:

қыз-баласы, күй, композитор, концерт, музыкалық бағдарлама

Аңдатпа

Мақала театрландырылған шоу-концерттің музыкалық бағдарламасына іріктеліп алынған музыкалық шығармаларға қысқаша шолу, олардың идеялық-құндылықтық маңызы туралы. Теориялық бөлімде музыканың адам психикасына ықпалын зерттеумен айналысып келе жатқан Ресейлік ғылыми мектептің қорытындысы жазылған. Мақалада қыз баласы тақырыбындағы қазақ күйлерінің тарихы, көркемдік-идеялық маңызы қарастырылып мәдени іс-шараның бір түрінде қолдану ұсынысы жасалған. Мақала мәдени іс-шарада қазақ күйлерінің қолданылу аясы және студенттердің адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесіне ықпалы туралы. Театрландырылған концертте жеке орындаушылықпен шектелген қазақ күйлері барынша насихатталады және домбыра мен фортепианоның, қобыз бен фортепианоның бірлестігінде орындалатын музыкалық шығармалар академиялық өнердің шеңберінен бір мезетке шығып бұқаралық мерекеде орындалып шығармашылық эксперимент жасалады. Герменевтикалық сараптама, музыкалық шығармаға көркемдік сараптама әдістері мақаланың әдістемелік негізін құрайды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар