ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ, РЕСЕЙ ЖӘНЕ АҚШ МҮДДЕЛЕРІ

Авторлар

  • Аружан Маратқызы ЮКУ им. Ауезов Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.2.16au

Кілт сөздер:

Геосаясат, Таяу Шығыс, АҚШ, Қытай, аймақтық тұрақсыздық, ресей

Аңдатпа

Таяу Шығыс – халықаралық қатынастардағы маңызды аймақтардың бірі, онда әлемнің ірі державаларының мүдделері қиылысады. АҚШ, Қытай және Ресей бұл аймақта әртүрлі стратегиялық
мақсаттар көздейді. Бұл мақалада осы державалардың салыстырмалы артықшылықтары мен стратегиялық мақсаттарына талдау жасалып, олардың бәсекелес және қиылысатын мүдделері қарастырылады. Зерттеу барысында халықаралық қатынастардың реалистік теориясы қолданылады. Мақала геосаяси динамика туралы терең түсінік беру үшін сандық деректерді, аймақтық перспективаларды және кейс-стадиді қамтитын саяси реализм теориясына негізделген. Осы үшбұрышты бәсекелестіктің аймақтық тұрақтылық пен жаһандық билік құрылымдары үшін салдары туралы болжамдар ұсынылады. Бұл мақалада сондай-ақ Таяу Шығыстың стратегиялық маңыздылығының тарихи аспектілері қарастырылады, оның ішінде отаршылдық кезеңнен бастап қазіргі көпполярлы әлемдегі өзгерістерге дейінгі процестер талданады. Деректер мен саяси дискурстарды сараптау арқылы АҚШ, Қытай және Ресейдің аймақтағы экономикалық, әскери және дипломатиялық ықпалының салыстырмалы талдауы жүргізіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-05-02

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ