Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Авторларға арналған нұсқаулық

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

  1. Мақаланың мәтіні  электрондық форматта ұсынылады. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс: қаріп – Times New Roman, негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 12 p.t., суреттер мен диаграммалар – 11 p.t., жоларалық интервал – бірлік, абзац басы (шегініс) – 1,0, мәтінді туралау – ені бойынша.
  2. Бет параметрлері: А4 форматы, өрістер: сол жақ – 2 см, оң жақ – 2 см, жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см.
  3. Кестелерді, иллюстрацияларды және әдебиеттер тізімін қоса алғанда, мақаланың жалпы көлемі 5-10 бет аралығында болуы тиіс.
  4. Мақаланыңатауы,аннотациясы,кілтіксөздері(үштілде)болуыкерек.
  5. Қазақ тіліндегі мақала үшін аннотация және abstract, орыс тіліндегі мақала үшін түйін және abstract, ағылшын тіліндегі мақала үшін түйін және аннотация міндетті. Аннотация, түйін және abstract мазмұны бірдей (идентикалық) болуы керек.
  6. Автор(лар) туралы мәліметтер мыналарды қамтуы тиіс: аты-жөні (Т.А.Ә.), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мекеме атауы, қала, ел, электрондық пошта (үш тілде).
  7. 7. Әдебиет тізімдерінің транслитерациясы (тек қазақ және орыс тілдеріндегі мақала үшін)

Мақала құрылымы

Ғылыми мақаланың құрылымы төмендегі элементтерді қамтуы тиіс:

  1. ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу индексі) – сол жақ жоғарғы бұрышта (11 p.t.). Мақалаға ӘОЖ тағайындау үшін http://teacode.com/online/udc/ сайтын пайдалануға болады.
  2. Автор(лар)дың аты-жөні (Т.А.Ә.) – ортада, ені бойынша теңестіріледі (12 p.t.).

Лауазымы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, ұйым атауы, қала, ел (үш тілде) (11 p.t.). Авторлар туралы мәліметтер – ортаға қойылады, мақала автор(лар)ының инициалдары мен тегі (алдымен инициалдар, кейін тегі – Л.А. Мырзаев), шрифт – қалың. Журналдың бір нөмірінде автор қосалқы авторлықты қоса алғанда екі мақаладан артық жариялай алмайды. Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс.

  1. *Корреспондент авторы: *хат алмасуға жауапты авторды көрсету, авторлардың бірінің электрондық поштасы, 11 p.t.
  2. Мақаланың атауы бас әріптермен, бір жолдан кейін беріледі, қалың шрифпен, ортаға тураланады. Мазмұнын дәл көрсетуі, қысқа әрі нақты болуы тиіс. Тақырыпта сөздерді қысқартуға жол берілмейді – Caps Lock, 12 p.t.
  3. Түйін – мақаланың тілінде, 1 см шегініспен, 11 p.t. Бір жолдан кейін көлемі 100-150 сөз болатын аннотация беріледі.

Аннотация бір абзацпен рәсімделеді (қазақ тіліндегі мақала үшін – орыс және ағылшын тілдерінде; орыс тіліндегі мақала үшін – қазақ және ағылшын тілдерінде; ағылшын тіліндегі мақала үшін – қазақ және орыс тілдерінде).

Аннотация құрылымы келесі МІНДЕТТІ тармақтарды қамтуы тиіс:

  • зерттеудің мақсаты;
  • зерттеу әдістемесі;
  • зерттеудің түпнұсқалығы (құндылығы);
  • зерттеу нәтижелері.

Аннотация (авторлық резюме) ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұны болып табылады. Аннотация арқылы оқырман зерттеудің мәнін анық түсінуі тиіс. Нәтижелер барынша нақты әрі ақпаратты түрде беріледі. Мәтінде қосалқы ақпарат, артық кіріспе сөздер, жалпы сипаттағы мәнсіз тұжырымдар, қысқартулар, әдебиеттерге сілтемелер болмауы керек. Аннотация бір абзацпен рәсімделеді.

Сапалы рәсімделген және дұрыс аударылған аннотация мақалаға қызығушылықты арттырып, шетелдік әріптестер тарапынан дәйексөз келтірілу ықтималдығын жоғарылатады.

  • . Кілттік сөздер – 5-7 сөз, 11 p.t.

         Кілттік сөздер мақаланы іздеу және оның пәндік саласын анықтау үшін беріледі, 1 см шегініспен орналастырылады, саны – 5-тен 7-ге дейін.

Іздеу сұранысына тән емес есімше/көсемше оралымдары мен күрделі құрылымдардан аулақ болыңыз.

Кілттік сөздер релевантты, табиғи әрі мәтінді артық жүктемейтіндей болуы керек.

  1. Мақаланың мәтіндік бөлігі (12 p.t.). Мақаланы тақырыпшалар арқылы құрылымдау қажет, тақырыпшалар нөмірленбейді, мысалы:

Кіріспе (міндетті)

Бөлімде мақаланың мәлімделген тақырыбының өзектілігі және ол бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу сипатталған, зерттеудің мақсаты мен негізгі ережелері көрсетіледі, арнайы терминдер мен қысқартулар ашылуы маңызды.

Материалдар мен әдістер

Материалдар мен әдістер бөлімі келесі шарттарды қамтуы тиіс: зерттеу жүргізу орны мен шарттарының сипаттамасы; мақалада олардың маңызды параметрлерін барынша дәл сипаттай отырып қандай әдістер қолданылады; бірдей дәл сипаттамалары бар қолданылатын материалдар; гипотеза және оның негіздемесі; эмпирикалық деректерді өңдеу, талдау және қорыту үшін пайдаланылатын статистикалық, математикалық немесе өзге де рәсімдер.

Нәтижелер және оларды талқылау

Зерттеу нәтижелерін ұсынады, мұнда кестелер, сызбалар мен графиктер жиі қолданылады. Жұмыстың негізгі тұжырымдамасы ашылады және зерттеу барысында алынған қорытындыларды, нәтижелерді талдау мен талқылауды қамтиды. Зерттеу мақсаты үшін бақыланатын пікірдің маңыздылығын түсіндіру керек. Нәтижелерді ұсынылған гипотезамен байланыстырыңыз. Кез келген күтпеген нәтижелер немесе бақылаулар дәл осы жерде түсіндірілуі керек.

Суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер, формулалар компьютерлік құралдармен орындалып, мәтінде алғаш аталған жеріне қарай орналастырылуы ұсынылады. Суреттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен белгіленеді, сурет атауы суреттің астында ортаға тураланып беріледі (Сурет 1 – Сурет атауы).

Кестелер мәтінде бірінші рет сілтеме жасалғаннан кейін немесе келесі бетте беріледі. Кесте нөмірі мен атауы беттің сол жағында көрсетіледі (Кесте 1 – Кесте атауы). Кесте келесі бетке ауысқан жағдайда бағандар нөмірленеді, ал келесі бетте оң жағында кестенің жалғасы көрсетіледі (Кесте 1-дің жалғасы).

Кестелер мен суреттер міндетті түрде мәтінде аталғаннан кейін орналастырылады. Әр кестенің атауы болуы тиіс. Суреттер анық, сканерленбеген болуы қажет. Сурет астындағы жазудың үлгісі: Сур. 1. Тәуелділік ...: а – ...; б – ...

Формулалар арнайы редакторлардың бірінде терілуі тиіс (Microsoft Equation немесе MathType).

Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілілерінен басқа, мәтінде алғаш кездескен кезде толық ашып жазылуы керек.

Қорытындылар (міндетті)

Қорытынды, зерттеу нәтижелері және талқылау, практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар.

- Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса).

Алғыс

Қажет болған жағдайда бір абзацпен көрсетіледі: зерттеуді қаржыландыру көздері, қолдау көрсеткен ұйымдар, тұлғалар және т.б.

Әдебиеттер тізімі (міндетті)  

Бір жолдан кейін, ортаға тураланып беріледі.

Әдебиеттер тізіміне тек мәтінде пайдаланылған және жарияланған немесе жариялауға қабылданған еңбектер ғана енгізіледі. Әдебиеттер мәтінде аталу реті бойынша нөмірленеді. Соңғы 10-15 жылдағы дереккөздер тізімнің кемінде 70% құрауы тиіс. Әдебиет көздерінің саны кемінде 7 болуы керек. Әдебиеттерге сілтемелер мақала мәтінінде квадрат жақшада, бет көрсетілмей беріледі: [1], [2] ...

- References

Егер мақала қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылса, әдебиеттер тізімінің транслитерацияланған нұсқасын міндетті түрде беру қажет (орыс тіліндегі дереккөздерді транслитерациялау үшін http://translit-online.ru, қазақ тілінде https://qazlat.kz сайтын қолдануға болады).

Мақала соңында әр авторға қатысты толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны; ұйым/ЖОО атауы, қала, ел; әрбір автордың байланыс деректері (e-mail); мақаланың атауы; аннотация; түйінді сөздер мақаланың тілінен өзге екі тілде (қазақ/орыс және ағылшын) ұсынылады.

 

 

Журнал редакциясы келіп түскен жұмысты рецензиялауға өз бетінше жолдайды. Журналда қос соқыр рецензиялау (Double-blind review) жүйесі қолданылады, яғни рецензиялау құпия түрде жүргізіледі.

Журнал редакциясы мақаланы мәтіндік сәйкестік (заимствование) тұрғысынан тексереді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады). Мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 70% болуы тиіс. Қажетті түпнұсқалық пайызын жинамаған мақала авторға қайта өңдеуге жіберіледі.

Мақалаларды дайындау

  1. Мақала бұрын жарияланбаған, сондай-ақ басқа журналда қарастыруға және жариялауға ұсынылмаған болуы тиіс.
  2. Журналдың бір нөмірінде автор қосалқы авторлықты қоса алғанда екі мақаладан артық жариялай алмайды (өзге жағдайды журналдың редакциялық алқасы шешеді).
  3. Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс.

Мақаланы редакцияға ұсыну кезінде авторларға редакторлар әзірлеген талаптар мен үлгілермен алдын ала танысу қажет:

«Auezov University» ғылыми журналы – Научный журнал «Auezov University» – Scientific Journal “Auezov University” журналының жауапты редакторы Серікұлы Ж. - Жарияланымдық белсенділік департаметінің директоры, техникалық редактор Қадырова Д.С. – Ғылыми-талдамалық ақпарат орталығының бас маманы. 

Редакцияның мекенжайы: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы 5, М. Әуезов атындағы ОҚУ, №16 корпус, 2-қабат, 206-кабинет, телефондар: +7 (7252) 21-19-82, 30-05-71, +7 778 534 20 42, e-mail: au.journal@auezov.edu.kz.

Мақаланы қабылдау мақұлданған жағдайда, авторға төлем жасау бойынша нұсқаулық жіберіледі!

Төлем мөлшері – 4 000 теңге!

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Мақаланы жіберу бойынша нұсқаулық

Авторларға онлайн жүйеде жіберу процесі кезінде келесі ақпаратқа сілтеме жасау ұсынылады.

• Сайтта тіркелу (аты-жөні, тегі, ұйымы, елі)

• Кіру (электрондық пошта мекенжайы, логин, пароль)

• Авторларға арналған ережелер (журнал талаптарымен танысу)

• Жеке кабинет (автордың немесе рецензенттің рөлін таңдау қажет)

Мақаланы жіберіңіз

Журналдың редакциялық алқасынан жауап күтіңіз

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар

Политика раздела по умолчанию

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады