ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/Кілт сөздер:
экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация, жасыл экономика, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, технологиялық енгізу, энергия менеджменті, ӨзбекстанАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – цифрлық-технологиялық енгізу мен жасыл практикалардың Өзбекстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарының экономикалық тұрақтылығымен байланысын бағалау. Өзбекстан бойынша World Bank Enterprise Survey 2024 микродеректерінің негізінде өңдеу өнеркәсібінің 530 кәсіпорны бойынша цифрлық-технологиялық енгізу және жасыл практикалар индекстері қалыптастырылып, тұрақтылық жұмыспен қамту, өндірістік қуаттарды пайдалану және сату динамикасы арқылы бағаланды. Сипаттамалық статистика және салмақталған регрессиялық бағалау қолданылды. Зерттеудің түпнұсқалығы трансформациялық практикалардың кәсіпорындардың нақты экономикалық нәтижелерімен байланысын микро деңгейде эмпирикалық бағалауда көрінеді. Нәтижелер цифрлық-технологиялық және жасыл компоненттердің экономикалық көрсеткіштермен тұрақты статистикалық байланысын анықтамады. Олардың оң өзара байланысы тек жұмыспен қамту динамикасында байқалып, баламалы спецификацияларда расталмады. Нәтижелер айқын синергетикалық әсерді растамайды және трансформация тереңдігі мен уақыттық лагтарды ескерудің маңыздылығын көрсетеді