ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢЫНДАҒЫ ҚОСЫМША ЖАЗАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • К.Р. Сарыкулов М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.Б. Мақұлбек М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • С.Б. Абутаева М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.26au

Кілт сөздер:

мүлік, меншік, арнайы тәркілеу, алып қою, табыс, жаза.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40-бабы бойынша қосымша жазалардың жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланған. Осыған орай, 40-баптың 1, 2 және 3-бөліктеріндегі негізгі және қосымша жазалар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қосымша жазалар қарастырылған. Мұндай жазалардың бөлінуі Қазақстанның қылмыстық саясатының маңызды жетістігі ретінде бағаланып, оларды тиімді пайдалану мүмкіндігін арттырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін мүлікті тәркілеуді, белгілі бір лауазымдарға орналасу құқығынан айыруды, сондай-ақ басқа да түрлі жазаларды тағайындай алады. Бірақ, заңнаманың қазіргі түрінде соттың қосымша жазаларды қолдану кезінде шектеулер жоқ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 40-бабына өзгерістер енгізу ұсынылды, бұл соттарға қосымша жазаларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық заңнамада арнайы лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру секілді қосымша жазалар қарастырылған. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға арналған жазалардың тізімін нақтылау қажет, өйткені қазіргі заңда бұл мәселеге қатысты нақты ережелер жоқ. Қылмыстық заңнаманың кейбір олқылықтарын ескере отырып, мүлікті қылмыстық жолмен алғанын дәлелдеудің қиындығы мәселесі де қарастырылады.

Автор өмірбаяндары

  • К.Р. Сарыкулов, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    з.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • А.Б. Мақұлбек, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • С.Б. Абутаева, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-26

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ