ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МҰРАГЕРЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.040auКілт сөздер:
цифрлық мұрагерлік, цифрлық активтер, мұрагерлік құқық, цифрлық құқық мирасқорлығы, салыстырмалы-құқықтық талдау, дербес деректер, Қазақстан Республикасы.Аңдатпа
Қоғамдық және экономикалық қатынастарды цифрландырудың қарқынды дамуы мұрагерлік құқық аясында құқықтық реттелуі жеткіліксіз болып табылатын мүлік пен деректердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. Осы зерттеудің мақсаты Еуропалық одақ пен АҚШ-тың құқықтық тәсілдерін салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы цифрлық мұрагерліктің құқықтық мәселелерін зерттеу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңдық, доктриналық және жүйелік әдістер құрайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстандағы цифрлық мұрагерлікті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуде көрініс табады. Зерттеу нәтижелері қолданыстағы заңнамада цифрлық активтер мен қайтыс болған тұлғаның цифрлық аккаунттарына қол жеткізу тәртібін кешенді реттеу көзделмегенін көрсетті. Еуропалық және америкалық тәжірибенің жекелеген элементтерін ескере отырып, цифрлық мұрагерліктің құқықтық тетіктерін қалыптастыру қажеттілігі негізделді.