СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЛЭПБУК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.13auКілт сөздер:
зерттеушілік құзыреттілік, лэпбук технологиясы, эксперимент, рефрактометрия, сыну көрсеткіші, когнитивтікАңдатпа
Мақалада студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеушілік құзыреттілік – студенттің ғылыми ізденіс жүргізу, эксперимент ұйымдастыру, алынған нәтижелерді талдау және қорытынды жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды педагогикалық сипат болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ мамандардың танымдық белсенділігін арттыру және олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы тұрғыда лэпбук технологиясы оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудың заманауи құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу 2024–2025 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия мамандығының 2-курс студенттерімен жүргізілді (n = 11). Жұмыстың мақсаты – лэпбук технологиясының оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін анықтау және оның студенттердің танымдық белсенділігін, практикалық дағдыларын, сондай-ақ зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы маңызын айқындау. Эксперименттік бөлімде «Рефрактометрия әдісімен ерітінділердің сыну көрсеткішін анықтау» зертханалық жұмысы лэпбук элементтерімен кіріктіріліп орындалды. Бұл әдіс студенттердің теориялық білімін тәжірибемен байланыстырып, олардың зерттеушілік қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні анықталды.