МЕДИАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ КОНТЕНТ САПАСЫН АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ

Авторлар

  • Жаңабай Қалыбаевич Марзияев Қарақалпақ мемлекеттік университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.4au

Кілт сөздер:

Экологиялық журналистика, қоршаған орта, Арал теңізі, білім деңгейі, медиафункция, сапа талаптары, инфографика, деректер журналистикасы, этика.

Аңдатпа

Бұл мақала қоршаған орта жағдайының нашарлауының басты себептерінің бірі – халықтың экологиялық білімінің төмендігін көрсете отырып, экологиялық журналистиканың (ЭЖ) әлеуметтік маңыздылығын талдайды.Экологиялық журналистика ақпараттық, білім беруші, талдаушы және ұйымдастырушылық функцияларды атқарады, оның негізгі миссиясы – қоғамды табиғатпен қарым-қатынастағы проблемалар мен табысты тәжірибелер туралы хабардар ету. Мақалада экологиялық мәселелердің жаһандық, ұлттық және тұрмыстық деңгейдегі классификациясы қарастырылып, медианың қоғамдық маңыздылықты қалыптастырудағы рөлі "Бағдарламаны белгілеу" моделі арқылы түсіндіріледі. Өзбекстандағы Арал теңізі апаты мысалында экологиялық дағдарыстың ауқымы және мемлекеттік деңгейдегі заңнамалық базаның дамуы (100-ден астам заңнамалық құжат) көрсетілген.Экожүрналистер үшін негізгі ұсыныстар: деректер журналистикасын, инфографиканы қолдану, ғылыми және этикалық стандарттарды қатаң сақтау, сондай-ақ мәселені ғана емес, оның шешу жолдарын ұсыну қажеттілігі атап өтіледі.

Автор өмірбаяны

  • Жаңабай Қалыбаевич Марзияев, Қарақалпақ мемлекеттік университеті

    Филология ғылымдары кандидаты, доцент, Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Нөкіс, Қарақалпақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар