ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН БИООРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Авторлар

  • Б.Д. Шермаханбет Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Т.Н. Акылбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.25au

Кілт сөздер:

цифрлық құралдар, танымдық қызығушылық, виртуалды зертхана, визуализация

Аңдатпа

Қазіргі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесінде оқытудың тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе биоорганикалық химия сияқты күрделі, абстрактілі пәндерді меңгеруде студенттердің қызығушылығын арттыру маңызды. Дәстүрлі лекциялар молекулалық құрылымдар мен реакция механизмдерін түсіндіруде әрдайым тиімді бола бермейді. Сондықтан цифрлық құралдарды қолдану оқу материалын визуализациялауды жеңілдетіп, студенттердің мотивациясын күшейтеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша студенттердің 75%-ы цифрлық ресурстар оқу үдерісін едәуір жеңілдеткенін, ал 66,7%-ы сабақтағы белсенділігінің артқанын атап өтті. Сандық модельдеу күрделі құрылымдарды тез түсінуге мүмкіндік берді, ал цифрлық платформалар жеке білім траекторияларын құруға жағдай жасады.

Зерттеудің басты мақсаты - биоорганикалық химия курсында цифрлық құралдар арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын анықтау.

Автор өмірбаяндары

  • Б.Д. Шермаханбет, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан

  • Т.Н. Акылбекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Х.ғ.к., қауымд. профессор м.а., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-19

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар