ҚАЗАҚ БИІНІҢ БЕЙНЕЛІК-ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУДАҒЫ ӨНЕРТАНУЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.9auКілт сөздер:
Кілттік сөздер: қазақ биі, көркемдік-тарихи талдау, бейнелі-пластикалық құрылым, этнопластикалық, ұлттық дәстүр.Аңдатпа
Түйін
Автор өз зерттеулерін ұлттық хореографиялық мәдениеттің бірегей құбылысы ретінде қазақ биінің бейнелік-пластикалық құрылымын талдаудың өнертанулық тәсілдемелеріне көңіл бөлді. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі және сахналық қазақ биінің көркемдік-бейнелі мазмұны мен мәнерлі құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік негіздері мен аналитикалық құралдарын ашу. Зерттеуде салыстырмалы аналитикалық, құрылымдық семиотикалық және герменевтикалық әдістер қолданылды, бұл белгілер мен нышандар жүйесі ретінде пластикалық түрін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етті. Автор қазақ халқының дүниетанымы мен рухани құндылықтарын бейнелейтін би бейнелеу жүйесінің элементтері ретінде қимыл-қозғалыс, ырғақ, композиция, мимиканың өзара байланысын талдаған. Этнопластика мен сахналық стильденудің арақатынасына, сондай-ақ, мәдени түрленімдерінің көркем бейнелеуді заманауи түсінуге ықпалына ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері қазақ биінің эстетикалық түрі архетиптік мағыналармен және этникалық жадымен үйлесетін көп қабатты өнер түрі екенін көрсетті. Зерттеу мақаласының қорытындылары жаһандық мәдени үдерістер контекстінде Қазақстанның ұлттық хореографиялық дәстүрін сақтау және жаңарту үшін көркем тарихи талдаудың маңыздылығын көрсетеді.