ҚИМЫЛДЫҢ ДАМУ, ЖАСАЛУ, ҮСТІНДЕ ЕКЕНІН БІЛДІРЕТІН АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.14auКілт сөздер:
Тіл білімі, түркітану, лексика, семантика, етістікАңдатпа
Сөздің аналитикалық формасы туралы ілім- тіл білімінің жаңа саласы. Ол бүкіл әлем бойынша тілдердің морфологиялық топтастырылуына байланысты пайда болды және тілдердің морфологиялық топтастырылуының басталуы бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы өлшенді. Тілдерді морфологиялық тұрғыдан топтастыру нәтижесінде аналитикалық тілдер танылды. Құрылысы жағынан аналитикалық тілдердің таныла бастауы зерттеушілерді морфологияның аналитикалық ерекшеліктерін зерттеуге әкелді. Осымен байланысты тіл білімінде сөздің аналитикалық формасы туралы теория пайда болды. Индоевропа тілдері аналитикалық тілдер деп танылғандықтан, сөздің аналитикалық формасы да алдымен осы тілдері зерттелді, осының нәтижесінде бұл тілдерді сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізі салынды. Бірақ бұл тілдерде де сөздің аналитикалық формасы туралы теория әбден қалыптасты деп айтуға болмайды. Оларда да жетілмеген, даулы мәселелер әлі жеткілікті. Соңғы кезге дейін тіл білімінде сөздің аналитикалық формасы тек аналитикалық тілдермен, яғни индоевропа тілдерімен ғана байланысты деп саналады.