ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • М.М. Жолшыбек Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.12au

Кілт сөздер:

мемлекеттік қызмет, реформа, модернизация, азаматтық қоғам, демократиялық даму

Аңдатпа

Мемлекеттік қызмет – қалыптасқан саяси жүйе және саяси режим аясындағы, мемлекеттік биліктің саяси-әкімшілік шешімдерін іске асыру арқылы қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге бағытталған институт. Мемлекеттік қызметтің тиімділігінен ұлттық мүдде, қоғамдағы тұрақтылық, экономикалық жоғарғы даму қарқыны бастау алады. Ұлттық қауіпсіздік пен билік және халық арасындағы диалогтың орнықтылығы да мемлекеттік қызметтің тиімділігінен туындайды. Мақалада, мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктерін айқындауға бағытталған зерттеулерге талдау жасау негізінде, мемлекеттік қызметтің мәні мен негізгі мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау және жетілдіру бойынша бағыттар зерделенеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет институтының қалыптасуы, Мемлекеттік қызметті әкімшілік реформалау бағыттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жаңа моделі, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары қарастырылады

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-28

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ