МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДА ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Турганбек Абдуллаев М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Телжан Мырзабеков Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.3au

Кілт сөздер:

студент, есептер, зерттеу дағдылары, математика, педагогикалық эксперимент, ғылым, университет

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында математика мамандығында оқитын студенттердің зерттеу дағдыларын дамытудағы математикалық есептердің рөлі жан-жақты қарастырылды. Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ педагогтардың кәсіби дайындығы тек теориялық білім көлемімен емес, олардың зерттеушілік мәдениеті мен ғылыми-ізденіс қабілеттерімен өлшенеді. Осыған байланысты математикалық есептерді тек жаттықтыру материалы ретінде емес, зерттеушілік ойлау мен шығармашылық талдауды қалыптастыратын әдістемелік құрал ретінде қарастыру қажеттілігі айқындалды.

Зерттеудің теориялық бөлімінде математикалық есептердің зерттеу әрекетін ұйымдастырудағы мүмкіндіктері талданып, олардың студенттердің интеллектуалдық белсенділігін, логикалық пайымдауын және дәлелдеу мәдениетін дамытудағы маңыздылығы негізделді. Студенттердің алгоритмдік үлгі бойынша ғана жұмыс істеуі зерттеушілік ойлауды тежейтіні анықталып, есептерді түрлендіру, кеңейту, альтернативті шешімдер қарастыру сияқты әрекеттердің зерттеу дағдыларын қалыптастырудағы тиімділігі көрсетілді.

Зерттеудің практикалық бөлімінде М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-3 курсында оқитын 60 студенттің қатысуымен педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперимент барысында зерттеушілік сипаттағы математикалық есептер жүйесі қолданылып, студенттердің зерттеу дағдыларының даму динамикасы математикалық статистика әдістерімен талданды. Нәтижелер ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, математикалық есептерді зерттеушілік әрекетке бағыттай отырып қолдану студенттердің ғылыми-ізденіс әлеуетін арттыратынын көрсетті.

Жалпы зерттеу нәтижелері математикалық даярлықтың сапасын арттыруға және болашақ мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік үлгі ұсынуға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар