КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Авторы

  • Б. Досанов Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.04

Ключевые слова:

қаржылық тұрақтылық, аудиттелген қаржылық есептілік, бос ақша

Аннотация

Мақалада кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқарудың өзекті мәселелері қарастырылған. Қаржылық тұрақтылықты бағалау кәсіпорын қызметінің маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Қаржылық тұрақтылықты нығайту – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті, оның тиімді жұмыс істеуінің басты алғышарты. Зерттеуді жүргізе отырып, мақсаты Республикалық маңызы бар су шаруашылығы, суару және ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануды, күтіп-ұстауды және қауіпсіздігін жүзеге асыратын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын айқындау, сондай-ақ оны арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.  Жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі әдістері қолданылды: экономикалық-статистикалық, баланстық және монографиялық (талданатын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау кезінде). Қаржылық көрсеткіштерді есептеу соңғы 5 жылда (2018-2022 жж.) жүргізілді. Зерттеу материалының қайнар көзі "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – "Қазсушар"РМК) қаржылық есебі болды. Зерттеудің маңызды нәтижелері-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының теориялық аспектілерін зерделеу, соңғы бес жылдағы (2018-2022 жылдар) "Қазсушар" РМК қаржылық жағдайын талдау, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері есептелді, аудиттелген қаржылық есептілік негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру бағыттары ұсынылды.

Биография автора

  • Б. Досанов

    Магистрант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Опубликован

2024-12-30

Выпуск

Раздел

Экономические Науки

Как цитировать

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ. (2024). НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ "AUEZOV UNIVERSITY", 4, 224-233. https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.04